Екі палаталы Парламент 1995 жылғы Конституциямен бекітілді. Содан бері Мәжілісті қалыптастыру моделі бірнеше рет өзгерді:
Бірінші шақырылым бірмандатты аумақтық округтер бойынша сайланған 67 депутаттан тұрды.
Пропорционалдық жүйеге көшу орын алды: 98 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы делегат етіп сайланды.
Республикалық референдумнан кейін партиялық өкілдік пен мажоритарлық жүйені біріктіретін аралас модель енгізілді.