Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті
Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитет экономиканы жаңғыртуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлікті қолдауға және өңірлік дамуды ынталандыруға бағытталған заң жобаларын әзірлеу және талдаумен айналысады. Комитеттің негізгі міндеттеріне мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру, экономикалық реформалардың тиімділігін бақылау, басқаруды цифрландыру және өңірлердің инфрақұрылымын дамыту кіреді. Комитет орнықты экономикалық және өңірлік реформаларды енгізу мақсатында атқарушы билік органдарымен, бизнес-қоғамдастықпен және халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл жасайды.
Байланыстар
Комитет хатшылығы:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, ҚР Парламенті Мәжілісі, Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитеттің хатшылығының кабинеті