Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Бұған дейін Мәжілістің IV және V шақырылымдарының депутаты болды, 2012–2013 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
Депутат туралы
Өмірбаян
Қоғамдық қызметі
Мұрат Әбенов азаматтық қоғамды дамыту және реформаларды қолдау бағытында белсенді қызмет атқарады. 2019–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, 2022 жылдан бері — Ұлттық Құрылтай мүшесі, 2021 жылдан — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі. 2022–2023 жылдары — Денсаулық сақтау министрінің пациенттердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі. Ол — Қазақстанның ұлттық «Асық ату» федерациясының президенті. Қоғам алдында ашық пікір алмасу мен цифрлық коммуникацияны алғаш енгізген саясаткерлердің бірі ретінде танымал. Ұзақ жылдар бойы ұлттық телеарналарда қоғамдық-саяси бағдарламаларды жүргізді.
Әлеуметтік бастамалары
Парламенттегі жұмысы аясында мемлекеттік басқару, білім, инновация және азаматтардың құқықтарын қорғау салаларындағы заң жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысқан. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ғарыш қызметі туралы» заңдар бойынша жұмыс топтарын басқарды, сондай-ақ зияткерлік меншік, электрондық ақша және цифрлық контент мәселелері жөніндегі түзетулерді әзірлеуге атсалысты. Экология, жастар саясаты, денсаулық сақтау, қазақтілді интернетті дамыту және авторлық құқықты қорғау мәселелерін бірнеше рет көтерген.
Ғылыми және ағартушылық қызметі
Мұрат Әбенов кәсіби қызметін білім беру саласында бастап, Қызылорда қаласындағы С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектепте информатика және есептеу техникасынан сабақ берді, кейін №1 мектеп-лицей директорының орынбасары болды. 1990-жылдардың басында мемлекеттік қызметке ауысып, Қызылорда қалалық әкімдігінің бас маманы, кейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының түрлі басшылық қызметтерін атқарды. Облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігін, ішкі саясат департаментін басқарды, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары және әкім аппаратының басшысы болды. Кейінгі жылдары «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының директорлар кеңесін басқарды, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары болды, НҚП Президиумының ІКТ, білім және инновациялар комитетіне төрағалық етті. 2018–2023 жылдары «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасын басқарды. Білім беру бағдарламаларын әзірлеумен және оқытудағы заманауи технологияларды ілгерілетумен айналысты. Қоғамдық-ғылыми бастамаларға және білім беру бағытындағы телебағдарламаларға белсенді түрде қатысты. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Депутаттың қызметі
Барлық депутаттар
Тізімге өтуҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты