Башимов Марат Советұлы

Башимов Марат Советұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты

Өмірбаян

Қоғамдық қызметі

Марат Башимов қоғамдық және сараптамалық қызметке белсенді түрде қатысады. 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияны басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың және Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі. Бұған дейін Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің, Үкімет жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратура және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшесі болған.

Әлеуметтік бастамалары

«Хабар 24» телеарнасында «Заң аясында Марат Башимовпен» бағдарламасының жүргізушісі.

Ғылыми және ағартушылық қызметі

1995 жылы кеңестік-америкалық қатынастар тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 2008 жылы «Қазақстан Республикасында және шет елдердегі омбудсмен институты (салыстырмалы-құқықтық талдау)» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Еуропалық құқық академиясының мүшесі (Будапешт, 2000), Халықаралық құқық жөніндегі Ресей қауымдастығының және Санкт-Петербург криминологиялық қауымдастығының мүшесі. Ғылыми қызығушылықтары адам құқықтарын қорғау теориясы мен практикасын, құқық қорғау тетіктерін институционалдандыруды және құқықтық жүйені жетілдіру мәселелерін қамтиды. 150-ден астам ғылыми жарияланымның, екі монографияның және Қазақстан Республикасы Конституциясына арналған түсіндірмелердің (2022) авторы. Негізгі еңбектерінің қатарында «Ресей Федерациясындағы және шет елдердегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты» (Мәскеу, 1997) және «Омбудсмен (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) институты: теориясы мен практикасы» (Астана, 2002) кітаптары бар. «Журнал российского права», «Қазақстандағы құқықтық реформа», «Өкілді билік» және басқа да ғылыми жинақтарда жарияланған.

Депутаттың қызметі

Барлық депутаттар

Тізімге өту
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы
Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты

Смышляева Екатерина Васильевна
Смышляева Екатерина Васильевна

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

Смолякова Екатерина Сергеевна
Смолякова Екатерина Сергеевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты