Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы

Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы

Қазақстандық заңгер, оқытушы, кәсіпкер және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Өмірбаян

Қоғамдық қызметі

Бақытжан Базарбек — жер және экологиялық құқық саласындағы жетекші сарапшы, Экологиялық құқық жөніндегі дүниежүзілік комиссияның (IUCN WCEL) мүшесі. Жер кодексін, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қоса алғанда, заңнамалық бастамаларды әзірлеу мен олардың құқықтық сараптамасына қатысқан. Қостанай облысы аумағында «Союз-2» зымыран-тасығыштарының бөлшектері құлайтын аймақтарды айқындау жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісім бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде жұмыс істеген. Жер және экологиялық құқық саласына арналған оқу құралдарының, бейнесабақтардың және ғылыми жарияланымдардың авторы. 2012 жылы «Әділет» саяси партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатығына кандидат ретінде сайлауға түскен. 2023 жылғы 27 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

Әлеуметтік бастамалары

Экологиялық және жер құқығы саласында белсенді қызмет атқарып, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ кәсіпкерлер мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеп, қолдайды.

Ғылыми және ағартушылық қызметі

180 елді қамтитын International Comparative Legal Guides: Environment & Climate Change Law 2016 халықаралық анықтамалығында Қазақстан Республикасына арналған тараудың авторы. Қазақстанда алғаш рет жер және экологиялық құқық бойынша (әрқайсысы 700 минуттан) бейнеоқулықтың, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жер құқығы (сызбаларда)» атты оқу құралының авторы. Scopus дерекқорына енгізілген еңбектерді қоса алғанда, 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

Депутаттың қызметі

Барлық депутаттар

Тізімге өту
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы
Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты

Смышляева Екатерина Васильевна
Смышляева Екатерина Васильевна

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

Смолякова Екатерина Сергеевна
Смолякова Екатерина Сергеевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты