Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы

Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты

Өмірбаян

Қоғамдық қызметі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болып сайланып, Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы декларацияны (1991), тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын (1993), сондай-ақ елдің мемлекеттік рәміздерін әзірлеу және қабылдау жұмыстарына қатысты. Қазақстан Республикасының 300-ден астам заңын әзірлеу бойынша заң шығару үдерістерінің қатысушыларының бірі болды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. 2023 жылғы 28 наурыздан бастап «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болып табылады. 2022–2025 жылдары «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (2022–2024), Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (2022 жылдан бастап), сондай-ақ «Ұлттық компания “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы”» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды (2020–2023).

Әлеуметтік бастамалары

2019 жылдан бастап «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» басқармасының төрағасы болып табылады. 2022 жылдан бері «Атамекен» ҰКП Президиумының Агроөнеркәсіптік кешен комитетін басқарады. Жер реформасын жүргізуге және елдің агроөнеркәсіптік секторын дамытуға белсенді түрде қатысты. Үкімет жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі және өзге де қоғамдық құрылымдардағы қызметі арқылы отандық кәсіпкерлер мен фермерлерді қолдаумен айналысады.

Ғылыми және ағартушылық қызметі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1981) және Агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары мектебін (1989) тәмамдап, ғалым-агроном мамандығын алды. Совхоздар мен колхоздарды басқарды, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерін оқыту және тәлімгерлікпен айналысты. Өңірлік және республикалық деңгейде агроөнеркәсіптік білім беру және ұйымдастыру-әдістемелік жобаларға қатысты.

Депутаттың қызметі

Барлық депутаттар

Тізімге өту
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы
Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты

Смышляева Екатерина Васильевна
Смышляева Екатерина Васильевна

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

Смолякова Екатерина Сергеевна
Смолякова Екатерина Сергеевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты