Имашева Снежанна Валерьевна

Имашева Снежанна Валерьевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты

Өмірбаян

Қоғамдық қызметі

2016 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. 2021 жылы VII шақырылым депутаты болып қайта сайланып, осы комитеттің хатшысы қызметін атқарды. 2023 жылғы 28 наурыздан бастап «AMANAT» партиясынан Мәжілістің VIII шақырылым депутаты, 2023 жылғы 29 наурыздан Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы. «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2024 жылдан), сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі. Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамына кіреді (2025 жылдан).

Әлеуметтік бастамалары

2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, әйелдердің құқықтарын қорғау және отбасы саясатына қатысты бастамаларға қатысады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік жобаларға қатысады. 2025 жылдан бастап Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының құрамына еніп, заңнамалық бастамаларды жетілдіруге және әлеуметтік реттеуді күшейтуге ықпал етеді.

Ғылыми және ағартушылық қызметі

Кәсіби және депутаттық қызметі аясында құқықтық ағартумен айналысып, заңнамалық бастамаларды түсіндіруге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысады.

Депутаттың қызметі

Барлық депутаттар

Тізімге өту
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы
Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты

Смышляева Екатерина Васильевна
Смышляева Екатерина Васильевна

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

Смолякова Екатерина Сергеевна
Смолякова Екатерина Сергеевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты