Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы

Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты

Депутат туралы

Өмірбаян

Қоғамдық қызметі

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі. 2023 жылғы наурыздан бастап Мәжілістің VIII шақырылым депутаты, 2023 жылғы 29 наурыздан Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы. «AMANAT» партиясының Республикалық экологиялық қоғамдық кеңесінің төрағасы (2022 жылғы сәуірден). Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (2022 жылғы 14 маусымнан).

Әлеуметтік бастамалары

2022 жылғы сәуірден бастап «AMANAT» партиясының Республикалық экологиялық қоғамдық кеңесінің жетекшісі болып табылады, экологиялық және қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысады. Маңғыстау облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, қазақ тілін кеңінен насихаттау және мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстармен айналысады. 2022 жылғы 14 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі ретінде әлеуметтік даму мен қоғамдық игілікке бағытталған бастамаларды әзірлеуге және қолдауға қатысады. 2012–2015 жылдары Ақтау қаласының әкімі қызметін атқарып, қаланы абаттандыру және тұрғындар үшін инфрақұрылымды жақсарту жобаларын іске асырды.

Ғылыми және ағартушылық қызметі

Техника ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі (1998 жылдан бастап). 80-нен астам ғылыми жарияланым мен 2 патенттің авторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы — «Мұнай-газ кешені ластағыштарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау (Маңғыстау облысының мысалында)».

Депутаттың қызметі

Барлық депутаттар

Тізімге өту
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы
Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы
Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.

Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы
Смағұлоы Бауыржан Әміржанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты

Смышляева Екатерина Васильевна
Смышляева Екатерина Васильевна

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

Смолякова Екатерина Сергеевна
Смолякова Екатерина Сергеевна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты