Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы
Асхат Рахымжанов
4
2006
Фракция туралы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республиқалық қоғамдық бірлестігі. Партияның мақсаттары: • бүкіл қоғамның басты мақсатын – азаматқа лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету, ол үшін талап етілетін жағдайларды жасауға қабілетті күшті мемлекетті құруды заңнамалық жағынан бекіту арқылы тиімді мемлекеттіліктің қажетті негізі ретінде Қазақстан халқын біріктіру; • бүкіл қоғамды біріктіру тәсілі ретінде әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн келістіру үшін келіссөз үдерістерінің тұрақты жұмыс істейтін тетігін жасау; • жеке адамның саналы азаматтық ұстанымының қалыптасуына негіз болатын ұлттық сана-сезімінің өсуіне дем беру; Партияның міндеттері: • азаматтардың саяси ерік-жігерін қалыптастыруға ықпал ету және Қазақстан Республикасында шынайы демократияны қамтамасыз ету арқылы қоғамның саяси өміріне қатысу; • азаматтарға саяси білім мен тәрбие беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, Партияның Бағдарламасы мен басқа құжаттарының ережелерін, сондай-ақ Партияның түрлі мәселелері бойынша ұстанымын халыққа түсіндіру; • түрлі аймақтық және Республикалық қоғамдық ұйымдарды Партияның ұсынатын мақсаттары мен бастамаларының төңірегіне топтастыру үдерісіне жәрдемдесу; • Партияның басты мақсаттарына жетудің шарттары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін экономикалық тетіктері мен процедураларын әзірлеу және ұсыну; • елдің болашағының мүддесіне сай «адами капиталды» қалыптастыру мен тиімді қолданудың тетігін анықтайтын заңнамалық негіздің қабылдануы мен іске асырылуына жәрдемдесу; • Депутаттыққа және мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды (кандидаттардың тізімдерін) ұсыну, аталған органдарды сайлауға және олардың жұмысына қатысу; • мемлекеттік биліктің заң шығарушы (өкілді) органдарындағы және жергілікті өзінөзі басқару өкілдік органдарындағы партия фракцияларының, депутаттық топтары мен депутаттарының Партияның мақсаттарын іске асыру бағытында әрекеттерін үйлестіру;