Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты
«Ауыл партиясы» фракциясы
Серік Егізбаев
5
2022
Фракция туралы
«Ауыл партиясы» фракциясы (бұдан әрі-Фракция) "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) Регламентімен, "Ауыл" партиясының (бұдан әрі – партия) Жарғысымен және фракция туралы ережеге сәйкес құрылған депутаттық бірлестік болып табылады. Фракцияның қызметі партияның Саяси кеңесі төралқасының шешімі бойынша, сондай-ақ Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Фракцияның негізгі функциялары: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заң шығару және өзге де қызметте партияның басшы органдарының бағдарламалық қондырғыларын және партия төрағасының шешімдерін іске асыру; 2) Парламент Мәжілісінде партияның бағдарламалық құжаттарында бекітілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси мәселелер бойынша партияның және партия Төрағасының ұстанымын айқындайтын саясат жүргізу; 3) фракция жиналысы қабылдаған шешімге сәйкес Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында және Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстарында фракция мүшелерінің ынтымақты дауыс беруін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері шегінде партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру.