Журналистің ақпарат алу құқығын қандай заң мен нормативтік актілер реттейді?
Бұл видеода «Әділ сөз» қорының заңгері Сергей Уткин ақпарат алудың және журналист құқығын қорғаудың маңызды аспектілері туралы айтады. Егер журналистке ақпарат беруден бас тартса немесе толық емес ақпарат берілсе не істеу керектігін түсіндіреді. Сергей заң нормаларын қарастыра отырып, мұндай заң бұзушылықтарға қалай қарсы тұруға болатынын талқылайды. Бұл видео ақпарат алуда кедергілерге тап болған журналист пен кез-келген адам үшін пайдалы болады.