Артқа

«600 мың мен 1 млн теңгенің арасы»: Құрылтай депутаттары қандай жалақы алады

Фото: parlam.kz

Фото: parlam.kz

Бүгін Құрылтай депутаттары Құрылтайдың жалпы отырысынан соң алғаш рет БАҚ өкілдерінің алдына шығып, брифинг өткізді. Соның ішінде, Құрылтайдың вице-спикері Дания Еспаева әріптестері неше теңге жалақы алатынын айтып берді. 

Оның мәліметіне сүйенсек, депутаттардың жалақысы бірдей емес. Яғни, әр депутаттың жалақысы оның еңбек өтіліне байланысты есептеледі.

«Қазір депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталып, 1 млн теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 млн теңгеге жетеді», - деді Еспаева журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бүгін Құрылтайдың жұмысын реттейтін регламент қабылданды.