Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Жарияланған күні:
Фото: parlam.kz
Бүгін, 2026 жылдың 8 мамыры күні Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды parlametr.kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палатаның бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге өткен аптада қол қойған болатын.
«Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылдың 8 мамыры күні, сағат 10.00-де Астанада өтеді», - деп жазылған өкімде.
Айта кетейік, бұның алдындағы бірлескен отырыс наурыз айында өтіп, депутаттар Конституциялық заңдарды қараған болатын.