Артқа

Орталық сайлау комиссияларының мүшелері Құрылтай сайлауына дайын ба

Фото: ОСК

Фото: ОСК

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау комиссияларының әрбір мүшесінің кәсіби біліктігі азаматтардың құқықтарын сақтауға тікелей әсер етеді дейді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов инспекциялық сапармен Маңғыстау облысында болып, Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысқан.

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен кеңесте Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындығына қатысты мәселелер қаралды. Кеңеске облыс әкімдігінің, прокуратураның, ішкі істер органдарының, төтенше жағдайлар департаментінің, әлеуметтік қорғау саласының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кеңеске қатысушылар атқарылған жұмыстар мен сайлауға дайындық аясында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

ОСК Төрағасы мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысы сайлауды сапалы ұйымдастыру мен өткізудің маңызды шарты екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлауға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, заңнама талаптары қатаң сақталуы және әрбір сайлаушының құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

ОСК мүшелері сайлау күні мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне көмектесу үшін ым тілін меңгеріп жатыр

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Павлодар және Екібастұздағы сайлау учаскелерін аралап, тексерді.  Ол сайлау учаскелерінің техникалық жарақтандырылуына, мүгедектігі бар адамдар үшін инклюзивті орта қалыптастыруға және комиссия мүшелерінің дайындық деңгейіне ерекше назар аударды.

Екібастұз қаласындағы №524, №535 және №539 сайлау учаскелерінд комиссия мүшелері есту қабілеті бұзылған сайлаушылармен қарым-қатынас жасау үшін ым тілінің негізгі белгілерін меңгергендерін көрсетті.

Комиссия мүшелері осы ым тілінің дағдылары арқылы сайлаушымен амандасу, оның құжатын тексеріп, оларды сайлаушылар тізімінен тауып бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде сайлауды дайындау және өткізу жұмыстарына 536 сайлау комиссиясы тартылған, олардың құрамында 3 446 адам жұмыс істейді.

Азаматтардың 85 пайыздан астамы Тоқаевқа сенеді - сауалнама

Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы 2026 жылдың 20 шілдесі мен 6 тамыз аралығында әлеуметтанулық зерттеу өткізген. Сол зерттеудің нәтижесі бойынша,  азаматтардың Қазақстан Республикасы Президентіне деген сенімі 85,7% болған.

Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1%-ы («ия» және «ия деуге болады» жауаптарының ортақ көрсеткіші) президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш.

Білім деңгейі – саяси сенімнің маңызды көрсеткіштерінің бірі: азаматтардың білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың президентке деген сенімі де соғұрлым жоғары. Мысалы білім деңгейі төменірек респонденттер арасында сенім 81,8%-ды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында бұл көрсеткіш 89,7%-ға жетіп отыр.