Артқа

Parlametr.kz жобасының мамыр-маусым айларындағы есебі

Фото: Құрылтай

Фото: Құрылтай

Кезеңі: 2026 жыл, мамыр – маусым  
 
Орындаған: «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 
 
Грант беруші: БҰҰ Демократия қоры (UNDEF) 
 
1. Бастапқы кезеңнің негізгі жетістіктері
2026 жылдың мамыр және маусым айларында жобаның бастапқы кезеңі сәтті басталып, (UNDEF Жұмыс жоспарының 1.1 және 2.1 өнімдері) грант аясындағы іс-шаралар блогын табысты жүзеге асырды. Ең бастысы платформаның әдістемелік, техникалық және коммуникациялық негізі қаланды.  
parlametr.kz сайтын әзірлеу және іске қосу
• Бета-нұсқаны құру және тестілеу: parlametr.kz сандық аналитикалық платформасының қазақ және орыс тілдеріндегі бета-нұсқасы әзірленіп, іске қосылды. 
• Деректер базасын қалыптастыру: Сайтқа бастапқы зерттеу базасы: Мәжілістің VIII шақырылымы депутаттарының профильдері мен өмірбаяндары, олардың жауапты негізгі салалары және әлеуметтік желілердегі аудиториясының құрылымы жүктелді. 
• Рейтинг әдістемесі мен алгоритмдері: Платформада халық қалаулыларының тиімділігін бағалайтын, субъектілікті шектейтін үш компонентті жүйе енгізілді (50% — заң шығарудағы белсенділік пен депутаттық сауалдар, 30% — баспасөздегі беделі мен сәйкес цитата келтірілуі, 20% — фейк тіркелушілерден қорғалған әлеуметтік желілердегі белсенділік). 
• Айдарлар мен құралдар: Сайтта базостық сараптамалық айдарлар, азаматтарға арналған түсіндірме карточкалары және ашық журналистика принципі бойынша ашық деректермен жұмыс істеуге арналған бейімделген модульдер жүктелді.  
Грант талабына сай Астанада ауқымды дөңгелек үстел өтті 
• Уақыты мен орны: 2026 жылғы 17 маусымда Астана қаласында (Hilton Garden Inn Astana мейманханасы, Tulip залы) parlametr.kz платформасының ашылуына арналған ресми дөңгелек үстел өтті. 
• Қатысушылар: Іс-шараға саясаттанушылар, экономистер, ғалымдар (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), баспасөз қызметтері мен PR мамандары, сондай-ақ жетекші журналистер мен медиасарапшылар (барлығы 20-дан астам пікір көшбасшылары мен БАҚ өкілдері, соның ішінде «Курсив», Baq.kz, «Азаттық рухы» және т.б. тілшілері) қатысты. 
• Кездесу қорытындысы: Қатысушыларға платформаның тұжырымдамасы, моторинг әдістемесі және депутаттардың желідегі әрі парламенттегі белсенділігін аудиттеудің алғашқы нәтижелері таныстырылды. Сарапшылар қауымдастығы parlametr.kz платформасының қоғам, БАҚ және заң шығарушы өкілетті билік арасындағы тәуелсіз «медиа-көпір» ретіндегі рөлін жоғары бағалады. 
2. UNDEF жобалық индикаторларының орындалуы (Мамыр – Маусым 2026)
Төменде мамыр–маусым айларындағы UNDEF жобалық құжатының Нәтижелер шеңбері мен Жұмыс жоспарына сәйкес индикаторлардың іс жүзінде орындалу деректері мынандай болған: 
Өнім / Іс-шара коды Жоспарланған индикатор (UNDEF 1 және 2 қосымшалары) 2026 ж. мамыр–маусым айларындағы нақты орындалуы Мартебесі
1.1.1 іс-шарасы Сауалнамалар, сараптамалық зерттеу өткізу және бастапқы деректер базасын қалыптастыру. Алғашқы ретроспективалық аудит пен сараптамалық сауалнама өтті, заң шығару және әлеуметтік желілер бойынша бастапқы статистика қалыптасты. Орындалды
1.1.2 & 1.1.3 іс-шарасы Парламент мониторингі жүйесін әзірлеу (ТДМ 16.6, 16.7) және деректерді Платформаға жүктеу. Ашықтық индикаторлары жүйесі әзірленді; депутаттардың профильдері мен бастапқы сараптамалық талдаулар сайтқа енді. Орындалды
1.1.4 іс-шарасы parlametr.kz сайтының бета-нұсқасын іске қосу және тестілеу. parlametr.kz сайты сынақ режимінде сәтті іске қосылды, екі тілдегі барлық бөлімдердің жұмыс қабілеті тексерілді. Орындалды
1.1.5 іс-шарасы (M2 бақылау кезеңі) Кемінде 30 БАҚ өкілдерінің, сарапшылар мен депутаттардың қатысуымен платформаны іске қосу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастыру. 2026 ж. 17 маусымында Астанада ғалымдардың, журналистердің, PR мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Орындалды
2.1.1 & 2.1.2 іс-шарасы Мүдделі тараптармен әдістемені таныстыру және талқылау. 17 маусымдағы дөңгелек үстел аясында бағалау әдістемесі сарапшылар мен медиа қоғамдастыққа таныстырылып, талқыланды. Орындалды
3. Бастапқы сараптамалық аудит нәтижелері 
Есепті кезеңде жоба тобы жұртшылыққа таныстырылған алғашқы сараптамалық қорытындыларды дайындады: 
1. Заң шығару динамикасы: Депутаттардың өз бастамасымен заң шығару белсенділігінің өсуі тіркелді — 2023 жылғы 24,4%-дан 2024 жылы 33–34%-ға дейін артқан, бұл заң шығарушы орган рөлінің күшейгенін білдіреді. 
2. Әлеуметтік желілердегі «дисбаланс»: Депутаттардың жалпы аудиториясы 4,5 млн жазылушыны құрайды, бірақ 98 депутаттың 91-і Facebook-те аккаунт жүргізеді (онда ҚР бойынша аудитория бары-жоғы 2,6 млн), ал тек 33 депутат қана TikTok платформасын меңгерген (ҚР-дағы ең танымал желі — 15,7 млн пайдаланушы). 
3. Ресми сауалдар: Комитеттерде және Үкіметке ресми сауал жолдауда жоғары жүйелі белсенділік танытқан депутаттар тобы (Гүлдара Нұрумова, Екатерина Смышляева, Юлия Кучинская) анықталды, олардың бұл еңбегі көбінесе медиада белсендірек әріптестерінің танымалдылығы көлеңкесінде қалып қояды. 
Қорытынды
parlametr.kz жобасының бастапқы кезеңі (2026 жылғы мамыр–маусым) UNDEF кестесіне сәйкес толық аяқталды. Мықты негіз қаланды: толық жұмыс істейтін сайт іске қосылды және Қазақстанның академиялық әрі медиа ортасының назарын аударған бастапқы ауқымды іс-шара (дөңгелек үстел) өтті.