Қазақстан жаңалықтарының дайджесті: 15 маусымдағы маңызды оқиғалар
Жарияланған күні:
Фото: Ақорда
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа партияны басқарған кезеңдегі нәтижелі әрі ел игілігіне бағытталған еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ партия мүшелерінің жуырдағы съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу жөнінде қабылдаған шешімін жоғары бағалады. Тоқаев AMANAT партиясының Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және елді жаңғырту ісіне қосқан үлесін атап өтті.
Геннадий Головкин АҚШ-тағы тарихи марапаттау рәсімінде жанкүйерлеріне үндеу жасады .Қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин АҚШ-тың Канастота қаласында өткен Халықаралық бокс даңқы залына қабылдау рәсімінен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтты. Спортшы әлеуметтік желіде әйгілі америкалық боксшы Шугар Рэй Леонардпен түскен суретін жариялап, үлкен бокс отбасының өкілдерімен қайта қауышқанына қуанышты екенін жеткізді. Головкин жылы қабылдау мен қолдау көрсеткен барлық жанға ризашылығын білдірді. Ол Халықаралық бокс даңқы залына енген Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша сот отырысында айыпталушы Александр Пак апатқа дейін көлігінде техникалық ақау белгілері байқалғанын айтты. Оның сөзінше, қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін тежегіш жүйесі істемей қалып, көлікті басқара алмай қалған. Сот барысында жол апатына дейін айыпталушы отырған компанияның алкогольдік ішімдіктерге тапсырыс бергені және жүргізушінің бұрын жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтер жария етілді. Александр Пак өз кінәсін мойындап, қаза болғандардың жақындарынан кешірім сұрап, жасаған ісі үшін толық жауапкершілік көтеруге дайын екенін мәлімдеді.