Қазақстандықтар енді Құрылтай депутаттарының қабылдауына онлайн жазыла алады
Жарияланған күні:
Фото: коллаж
Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауы ашылды. Яғни, мәселесін шеше алмай жүрген қазақстандықтар енді Құрылтай депутаттарының қабылдауына жазылып, арыз-шағымын айта алады.
Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы Бюросының отырысында І шақырылымдағы Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауды ашу туралы шешім қабылданған.
Құрылтайдың қоғамдық қабылдауы бүгін, 14 қыркүйектен бастап жұмысына кіріседі.
Құрылтайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, азаматтар Құрылтай депутаттарының қабылдауына бірнеше тәсілмен жазыла алады.
«Атап айтқанда, Құрылтайдың ресми сайты арқылы электрондық өтініш жолдау арқылы, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беру, сондай-ақ Қоғамдық қабылдауға тікелей ауызша жүгіну арқылы жазыла алады», - деп хабарлайды Құрылтайдың ресми сайты.
Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіруді Құрылтай депутаттары Константин Авершинге, Айжан Аймағановаға және Шолпан Кариноваға жүктеу ұсынылды.
Қоғамдық қабылдаудың жұмысын ұйымдастыру, депутаттардың азаматтарды қабылдау тәртібі және қабылдау кестесін Құрылтай Төрағасының орынбасары, депутат Динара Закиева таныстырған.
«Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауының ашылуы Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жөніндегі бастамасын іске асыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өткім келеді. Бұл азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын зер салып қарауға, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің тиімді өзара байланыс жасауына арналған алаң болмақ», – деді Зәкиева.
Вице-спикердің айтуынша, қабылдаудың жұмысын үйлестіруге ұсынылған депутаттарды іріктеу кезінде олардың кәсіби тәжірибесі ескерілген.