Артқа

Қазақстандықтардың неше пайызы Құрылтай сайлауы туралы хабардар – сауалнама нәтижесі жарияланды

Фото: parlam.kz

Фото: parlam.kz

«Сіз 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтетіні туралы білесіз бе?». Қоғамдық саясат институты халық арасында тағы бір сауалнама өткізіп, оның қорытындысын жариялады.

Зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің 89,4% алдағы сайлау туралы хабардар болып шыққан. Соның ішінде, 55,2% сайлау туралы толық хабардар екенін, тағы да 34,2% сайлау туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейлі білмейтінін мәлімдеген.

Ал бұл жолғы сауалнаманың «Сіз 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруді жоспарлап отырсыз ба?» деген сұрағына респонденттердің 72,3% «иә» деп жауап берген. Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, алдыңғы сауалнамада бұл көрсеткіш сәл аздау болатын.

Бұл респонденттердің 11,9% дауыс беруге қатысуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ал 15,8% әлі нақты шешім қабылдамаған, оның ішінде жауап беруге қиналған респонденттердің 0,5%-ы бар.

«Сіз Құрылтай сайлауында қай партияға дауыс бересіз?»

Сауалнаманың осы сұрағына жауап берген респонденттердің 67,3% «Әділет» партиясы үшін дауыс беруге дайын екендерін айтқан.

Екінші орынға 6,2% нәтижесімен «Ауыл» партиясы орналасты. Әрі қарай «Respublica» – 5,5%, «Ақ жол» – 4,8%, ЖСДП – 4,3%, ҚХП – 3,9%, «Байтақ» – 1,1% көрсеткіштерімен жайғасты.

Ал респонденттердің 1,6% барлық партияларға қарсымын деп дауыс беруді ниет етсе, 5,3% әлі шешім қабылдамағанын айтты.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері азаматтардың алдағы Құрылтай сайлауына деген ынтасының жоғары деңгейде екенін және электоралдық жұмылдырудың жеткілікті дәрежеде қалыптасқанын көрсетеді.

Сауалнаманы Қоғамдық саясат институты 2026 жылғы 7-27 шілде аралығында ұлттық репрезентативті іріктеме негізінде жүргізді. Іріктеме көлемі – 18 жастан асқан 8000 респондент (17 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары). Іріктеме қателігі – ±1,19%. Деректерді жинау әдісі – жаппай сауалнама (face-to-face). Қоғамдық саясат институты деректерді ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес ҚР Орталық сайлау комиссиясын 2026 жылғы 4 шілдедегі № KQ--26/14 жазбаша хабардар ету негізінде жариялайды.

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

2026 жылғы 1 шілдедегі мәліметке сүйенсек, Қазақстан халқының саны ресми түрде 20,5 млн адамнан асқан. Ұлттық статистика бюросының нақты есебіне сүйенсек, елімізде қазір 20 590 589 адам тұрады.

Жыл басынан бері республика халқының саны 90 767 адамға немесе 0,44%-ға артқан.

Қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13,1 миллион адамға жетсе, ауыл халқының саны 7,4 миллион адам болған.

Қазақстандағы ең көп адам тұратын өңірлер:

  • Алматы қаласы – 2,3 миллион адам;
  • Түркістан облысы – 2,1 миллион адам;
  • Астана – 1,6 миллион адам;
  • Алматы облысы – 1,6 миллион адам;
  • Шымкент – 1,3 миллион адам.