Артқа

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың қанша пайызы Құрылтай сайлауына барады

Фото: ОСК

Фото: ОСК

Демократия институты 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізген әлеуметтанулық зерттеуінің нәтижесі бойынша, қазақстандықтардың 73,1 пайызы Құрылтай сайлауында дауыс беруге дайын.

Институттың мәліметіне сүйенсек, «Егер Құрылтайға сайлау келесі жексенбіде өтсе, сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа жауап берген респонденттердің 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екендерін айтқан. Яғни, институттың мәліметінше, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.

Айта кетейік, әлеуметтанулық сауалнама 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржысына жасалған. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Респонденттердің электоралдық таңдауы қандай

Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Яғни, сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес,

  • Бірінші орында – «Әділет» партиясы, оған респонденттердің70,3%-ы дауыс беруге дайын.
  • Екінші орында – «Ауыл» партиясы, оған респонденттердің 5,6%-ы дауыс беруге дайын.
  • Үшінші орында «Ақ жол» партиясы, партияны қолдаушылар үлесі 5,0% құрады.
  • Келесі кезекте «Respublica» партиясы орналасқан, оны респонденттердің 4,9%-ы қолдауға дайын.
  • Бесінші орында 4,2% нәтижемен оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орналасқан.
  • Алтыншы орында – Халық партиясы респонденттердің 3,9% қолдаған.
  • Жетінші орында – «Байтақ» партиясы, қолдау деңгейі 0,6%-ды құрады.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде.

Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.