Артқа

Құрылтай депутаты өкілеттігін тоқтатты

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады. 

Оның өкілеттігін тоқтату туралы өтініш бергенін Орталық Сайлау комиссиясының өкілі Шавкат Өтемісмов хабарлап, Орталық сайлау комиссиясының ұсынымын оқыды.

Құрылтай депутаттары Орталық сайлау комиссиясының бұл құжатын қолдап, Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға Құрылтай құрамында атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оған алғыс хат табыстады. 

Әріптестері болса Татьяна Савельваны аса құрметпен шығарып салып, қол шапалақтап, қошемет танытты.