Құрылтай сайлауы: 8 шет ел мен 5 халықаралық ұйымнан 76 байқаушы аккредиттеуден өтті
Жарияланған күні:
Фото: ОСК
Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста шет мемлекеттермен халықаралық байқаушыларды аккредиттеуге қатысты 21 шілдедегі мәлімет жария болды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу ашылған уақыттаннан бастап Орталық сайлау комиссиясы 8 шет мемлекет пен 5 халықаралық ұйымнан 76 байқаушыны аккредиттегенін атады.
Қандай ұйымдар Құрылтай сайлауына байқаушы жібереді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 21 шілдеге Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 шет мемлекеттен 10 байқаушының кандидатурасы ұсынылды. Пәкістан Ислам Республикасынан 2 кандидатура, оның ішінде Пәкістанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, Индонезия Республикасынан 4 кандидатура, оның ішінде Индонезияның Қазақстандағы Елшісі, Малайзиядан 3 байқаушы, оның ішінде Малайзияның Қазақстандағы Елшісі және Өзбекстан Республикасынан 1 байқаушы ұсынылған.
Орталық сайлау комиссиясынан барлығы неше байқаушылар тіркелді
ОСК мүшелері ұсынылған кандидатураларды аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. Осылайша, бүгінгі таңда ОСК аккредиттеген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 86 адамды құрайды. Алдағы уақытта аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай халықаралық байқаушылар туралы мәліметтер жаңарып отырады.