Құрылтай сайлауы: Exit poll нәтижесі бойынша қай партия жеңіске жеткені белгілі болды
Жарияланған күні:
Фото: Скриншот
Кеше, 23 сайлау күні Қазақстанда тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтті. Қазақстан уақыты бойынша кешкі сағат 20:00-де елдегі барлық сайлау учаскелері жабылды. Ал, кейбір шетелдегі сайлау учаскелері әлі жұмыс істеп жатыр.
Ел бойынша 10 363 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылар тізіміне 12 605 788 азамат енген. Ал орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі бойынша, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алып, тізімге енген азаматтардың 74,19% дауыс берген. Осылайша, Құрылтай сайлауы азаматтардың ең көбі қатысқан тарихи сайлаулардың бірі болып отыр.
Бүгін, түнгі сағат 00:01-де алғашқы Exit poll нәтижелері жария болды. Айта кетейік, бұл сайлауда үш Exit poll өткен.
«Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижелері жарияланды.
Бұл сауалнамаға сай, «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,8% дауысын жинап, көш бастаған. Бұдан басқа:
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5,2%
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,0%
- Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 3,0%
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,4%
- «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы — 5,1%
- «Respublica» партиясы — 5,4%
- Барлығына қарсымын – 2,1%
Айта кетейік, дереккөзге сүйенсек, Еуразиялық интеграция институты еліміздің 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде 30 000-ға жуық сайлаушыдан жасырын түрде сұрақ-жауап алған.
СОЦИС-А ұсынған EXIT POLL нәтижесі
Бұл сауалнаманың нәтижесі мынандай:
- «Әділет» партиясы – 70,7%;
- «Ауыл» партиясы – 6,4%;
- Respublica партиясы – 5,5%;
- «Ақ жол» партиясы – 5,4%;
- ЖСДП – 5,0%;
- ҚХП – 3,2%;
- «Байтақ» партиясы – 1,2%;
- «Бәріне қарсымын» – 2,6%.
Қоғамдық саясат институты жүргізген EXIT POLL нәтижесі
Бұл сауалнаманың нәтижесі бойынша партиялардың дауысы былай бөлінген:
- «Әділет» партиясы – 72,3%;
- «Ауыл» партиясы – 6,2%;
- Respublica партиясы – 5,2%;
- «Ақ жол» партиясы – 5,1%;
- ЖСДП – 5,0%;
- ҚХП – 2,8%;
- «Байтақ» партиясы – 0,9%;
- «Бәріне қарсымын» – 2,5%.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сауалнамалардың нәтижелері Құрылтай сайлауының тек алдын ала болжамы ғана. Ал, сайлаудың ресми нәтижесін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы ғана жария етеді.