Артқа

Құрылтай сайлауы: ОСК соңғы қорытындыны жариялап, депутаттық мандаттарды бөлді

Фото: ОСК

Фото: ОСК

Бүгін, 25 тамыз күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың 

қорытындыларын белгіп,  дауыс беру қорытындылары 

бойынша депутаттық мандаттарды бөлді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің бұйрығымен шыққан құжат ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр.

Осы құжатқа сай,

  • «Әділет» партиясы – 6528948 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 71,17 проценті;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469058 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,11 проценті;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97751 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 1,07 проценті;
  • Қазақстан Халық партиясы – 285395 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 3,11 проценті;
  • «Ауыл» партиясы – 574621 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 6,26 проценті;
  • «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы – 478083 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,21 проценті;
  • «Respublica» партиясы – 509631 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының  5,56 проценті;
  • «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 230446 немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 2,51 проценті болып белгіленді.

Осы нәтиженің негізінде Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайға өткен бес партия арасында депутаттық мандаттарды төмендегідей бөлді:

  • «Әділет» партиясы - 110;
  • «Ауыл» партиясы - 10;
  • «Respublica» партиясы - 9;
  • «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы - 8;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 23 тамызда Қазақстан тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен болатын.