Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі – институт
Жарияланған күні:
Фото: Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты
Алматыда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Құрылтай – заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасының негізі» атты сараптамалық жиын өтті. ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов Құрылтай институтының құрылуы ашықтық, кәсібилік және жариялылық қағидаттарына негізделген заң шығарушы биліктің мүлдем жаңа үлгісіне көшуді білдіретінін атап өтті.
«Құрылтайдың алғашқы сайлауы конституциялық реформаны іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды белесі болмақ. Ол жаңартылған өкілді биліктің толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы ықпалдастықтың жаңа форматына жол ашады, мұнда қуатты саяси институттар мен сараптамалық қолдау шешуші рөл атқарады», – деді институт басшысы.
Жиынның алғашқы сессиясы Құрылтайдың конституциялық трансформациясына, оның заң шығару өкілеттіктерін кеңейтуге және заң шығару қызметін ғылыми-сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеуге арналды.
ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов институттың құқықтық мәртебесіндегі өзгерістер мен мемлекеттік билік жүйесіндегі жаңа орнына тоқталды. Оның мәлімдеуінше, алдағы сайлау жаңартылған заңнамалық база негізінде өтпек:
Құрылтайдың барлық 145 депутаты бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер арқылы жасақталады.
Бұл қадам жеке кандидаттар арасындағы бәсекені идеялар, бағдарламалар мен ұжымдық жауапкершілік деңгейіне көтереді.
Саяси партиялар бәсекесі және электорат белсенділігі
Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова Құрылтайдың жалпыұлттық мүдделерді тоғыстыратын бірегей алаң дейді. Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев қазақстандықтардың электоралдық көңіл-күйіне жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды:
Сауалнамаға қатысқандардың 72,1%-ы Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті.
Бұл көрсеткіш алдыңғы парламенттік сайлаумен салыстырғанда белсенділіктің жоғары болатынын болжауға негіз береді.
Қазақстандағы әкімшілік рақымшылық: жарты миллионнан астам адамның 22 миллиард теңге айыппұлы кешірілетін болды
Қазақстандағы әкімшілік рақымшылық аясында ішкі істер органдарының бағыты бойынша 590 мың азаматтың айыппұлы кешірілетін болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жалпы, осы азаматтарға қатысты 1,3 миллионнан астам әкімшілік іс тоқтап, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шықпақ.
Айта кетейік, амнистияға қоғамға қауіп төндіргендер немесе басқа біреудің құқығын бұзғандар ілінбейді.