Қырық жалпы отырыс, 190 заң жобасы: Қазақстан Парламентіндегі 8-ші сайланымның төртінші сессиясы аяқталды
Жарияланған күні:
Фото: parlam.kz
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 8-ші сайланымның төртінші сессиясын қорытындылады. Сессия барысында 40 жалпы отырыс өтіп, қарауда болған 190 заң жобасының 110-ына Мемлекет басшысы қол қойды. Жаңа Конституцияны іске асыру аясында бірқатар маңызды заңдар, сондай-ақ елімізде алғаш рет қылмыстық рақымшылықпен бірге әкімшілік рақымшылық жасау туралы заң қабылданды. Сонымен қатар, депутаттардың бастамасымен әзірленген жаңа «Цифрлық кодекс» пен «Жасанды интеллект туралы» заң бекітіліп, Қазақстан әлемде мұндай құжаттарды қабылдаған алғашқы елдердің қатарына енді.
Тұтынушылық несиелендірудің азаюы осы саладағы сұраныс есебінен күн көріп отырған экономика секторларына айтарлықтай қысым түсіріп отыр. Макропруденциалдық реттеудің әсерінен несие беру өсімі небәрі 3,1 пайызды құрап, салдарынан азық-түлік емес тауарлар секторындағы өсім 0,7 пайызға дейін баяулаған. Бұл нарықта қайтадан дисбаланс тудырып, логистика, трейдинг, қоғамдық тамақтану, мейрамхана мен дәмхана бизнесі, тұрғын үй нарығы және жалпы қызмет көрсету салаларына кері әсерін тигізеді, сондай-ақ осы сұраныс аясында қалыптасқан жаңа жұмыс орындарының жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрлігі әскерде ауыр жарақат алып, биыл маусымда қайтыс болған сарбаз Ербаян Мұхтардың өліміне қатысты «дәрігерлер уақытында қарамаған» деген қауесеттерді теріске шығарып, медициналық көмектің клиникалық хаттамаларға сай толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді. Ведомствоның түсіндіруінше, бұған дейін алған ауыр бас-ми жарақатынан вегетативтік күйде болған науқастың жағдайы соңғы айда күрт нашарлап, қосымша инфекция мен сепсис салдарынан көп ағзалық жеткіліксіздік дамыған. Сарбаз кезінде халық жинаған 230 миллион теңгеге Түркияда оңалтудан өткен болатын, ал қазіргі уақытта Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы әскери бөлімдегі жарғылық қарым-қатынастарды бұзу және дәрігерлердің әрекетіне қатысты қозғалған екі қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы жазда қаржы секторында бірыңғай QR-код жүйесін іс жүзінде енгізу және цифрлық теңгені дамытуды жалғастыру сияқты маңызды жобалар қолға алынатынын, тіпті оның көлемін 1 триллион теңгеге дейін жеткізу көзделгенін мәлімдеді. Бас банкир көптриллиондық мемлекеттік қарыздар ауқымында миллиардтаған сомалар үлкен рөл атқармайтынын атап өтіп, ел экономикасында ешқандай теріс өзгерістер күтілмейтінін және қазақстандықтардың алаңсыз демалуына болатынын жеткізді.