Референдум қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады
Жарияланған күні:
gov.kz
Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға Қазақстанда және шетелде жалпы саны 9 127 192 адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың 73,12%-ы.
Дауыс беру қорытындысы бойынша: «Қолдаймын» деп 7 954 667 адам дауыс берген, бұл – 87,15%.
Референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099 болса, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – 146 558-ге жетті.
Енді жаңа Ата заң 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айта кетейік, 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленді. Ал жазда парламент сайлауы өтеді.