Артқа

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Құрылтай жаңа лауазымдарға келісім берді

Фото: Құрылтай

Фото: Құрылтай

Елдегі атқарушы билік құрамы қайта жасақталып, Президент Жарлығымен үкімет мүшелері тағайындалды. Яғни, үш жаңа министр келді. Олар – Төтенше жағдайлар миистрі, Экология министрі мен Мәдениет және ақпарат министрлері.

Баса айта кетерлігі, жаңа Конституцияға сай, бұл кандидаттардың бәрі Құрылтайдың келісімінен өтті. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес, бұл лауазымды тұлғалардың кандидаттары Құрылтайдың тиісті салалық комитеттерінің отырыстарында қаралып, оң қорытынды алды.

Премьер-министрдің орынбасарлары

Үкімет басшысының блогына бірқатар жаңа әрі бұрыннан таныс саясаткерлер енді:

  • Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
  • Қанат Бозымбаев – Премьер-министрдің орынбасары.
  • Серік Жұманғарин – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
  • Жаслан Мәдиев – Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.

Жан-жақты жаңарған және ауысқан министрліктер

Кабинет құрамында кадрлық ауыс-түйіс орын алып, кейбір ведомстволарға жаңа басшылар тағайындалды:

  • Арман Қырықбаев – Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
  • Әлібек Қуантыров – Экология және табиғи ресурстар министрі. (Бұдан бұрын, 2022–2024 жылдары Ұлттық экономика министрлігін басқарған болатын).
  • Мұрат Мұханов – Төтенше жағдайлар министрі.

Өз лауазымын сақтап қалған министрлер

Атқарушы органның негізгі блогын бұған дейін де осы салаларға жетекшілік еткен министрлер ары қарай басқарады:

  • Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
  • Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
  • Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
  • Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
  • Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
  • Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
  • Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
  • Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
  • Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
  • Мәди Такиев – Қаржы министрі;
  • Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
  • Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі.

Құрылтайдың комитеттері келісім беріп біткен соң,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық тағайындаулар туралы Жарлықтарға қол қойды. Осылайша, мемлекеттік органдардың жаңадан жасақталған құрамы өз міндеттерін орындауға кірісті.